АСТАНА, 2 ақп – Sputnik. Астанада биыл жазда өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде билет сатып алу бойынша Универсиада кезінде туындаған қиындықтар қайталанбайды деп сендірді көрме ұйымдастырушылары.
"ЭКСПО кезінде мұндай қиындық болмайды деп ойлаймын. Біріншіден, билеттер санын шектемейміз. Себебі универсиададан айырмашылығы: онда нақты орын саны бар, ал көрмеге халық жай ғана келіп кетеді. Оның үстіне әрбір кіру тобына он терезесі бар бір-бір үлкен касса ұсынылады. Бұл көрме кезінде кезектер пайда болмас үшін жасалатын шара", — деді "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ коммерциялау департаментінің директоры Дәулет Еркінбаев тілшілерге.