АСТАНА, 2 ақп – Sputnik. ЭКСПО-2017 билеттерін күштеп сату деректері туралы арнайы желілерге хабарлауға болады, барлық хабарламалар тексерілетін болады деді "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ-ның қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов тілшілерге.
"ЭКСПО-ға ақша жинап жатыр деген сыбыс та тарап еді ғой. Естеріңізде шығар. Біз арнайы желі аштық, барлықтарыңыз бұл жайлы жаздыңыздар. ЭКСПО көрмесіне ақша жинау туралы қандайда бір деректі осы желіге хабарлаңыздар деп өтіндік. Бірақ бірде-бір шағым түспеді. Сол желі әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Тағы да сондай жайттар орын алып жатса, қоңырау шалып немесе электронды хат жіберуге болады. Әрбір жайтты мұқият қарастыратын боламыз. Меніңше, ЭКСПО-ға ақша жинау сияқты сыбыс болып шығады. Оған сенімдімін. Сайтқа кіріп, қарап көре аласыздар", — дейді Куянов.
Және "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ өкілінің айтуы бойынша, мұндай шағымдарды құпия түрде жариялау мүмкін емес.