АСТАНА, 2 ақп – Sputnik. "БТА Банк" АҚ бұрынғы топ-менеджері Мұхтар Әбілязовті Қазақстанға тергеуге шақырды, ол ұйымдастырылған қылмыстық қауымдастық құрғаны үшін айыпталады деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.
Бейсенбі күні таратылған хабарлама бойынша, жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеуі барысында Әбілязов пен оның сыбайластарының заңға қайшы іс-әрекеттерін дәлелдейтін қосымша айғақтар табылған. Банктен ұрланған ақшалай қаражаттың ізін жасырудың жаңа схемалары әшкереленді. Анықталған деректерге сәйкес, Әбілязовке Қазақстан аумағында және одан тысқары әрекет еткен бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топтардан құралған қылмыстық қауымдастық құрып, оны басқарды деген күдік келтірілді.
Әбілязов 2017 жылы 10 ақпанда сағат 17.00-ге дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының әкімшілік ғимаратына тергеуге келуі тиіс.