АСТАНА, 2 ақп – Sputnik. Қазақстанның шайбалы хоккейден қыздар құрамасы сәрсенбі күні Универсиада топтық кезеңінің соңғы ойнында Канада құрамасынан 0:11 есебімен ұтылып қалды, енді жарыста 5-7 орындар үшін таласатын болады.
Бірінші периодта Қазақстан құрамасында ең үздік ойын көрсеткен хоккейші – қақпашы Дарья Дмитриева болды, өйткені ол қарсыластар лақтырған 24 шайбаға тосқауыл бола білді. Біраз уақыт есеп ашылмай, таблода нөл сандары ғана жарқырап тұрды. Алайда, канадалық арулар табандылық танытып, алаңдағы басымдықты жүзеге асыра бастады, сөйтіп бірінші үзіліске дейін екі шайба соғып үлгерді.
Келесі кезеңде канадалықтар тағы үш шайба тастады, бірақ Дмитриева маңдай терін аз төкті деуге келмейді, оның есебіне 21 сэйв жазылған болатын. Ал, соңғы жиырмаминуттықта команда ойнын мүлдемге жоғалтып алды. Нәтижесінде есеп 0:11, енді біздің қыздар Ұлыбритания және, болжам бойынша, Жапония құрамаларымен 5-7 орынға таласатын болады.