АСТАНА, 1 ақп — Sputnik. Қазақстандық конькимен жүгіруші Татьяна Климчук Алматыдағы қысқы Универсиада аясында үш мың метрге жүгіруде белгілі бір уақытта көш бастағанына қарамастан, жүлдегерлер үштігінде тұрақтала алмады.
Үш мың метрлік дистанцияны конькимен жүгіру турнирінің қатысушылары жұппен жүгіргенін еске саламыз.
Жүгірудің екінші жатысында бастаған Татьяна Климчук бірінші қатардан Голландия секілді конькимен жүгіру державаның екі өкілін басып озды. Климчуктың уақыты – 4 минут 2,92 секунд. Алайда стартқа ресейлік Елена Сохрякова шыққаннан кейін оны екінші орынға ығыстырды. Одан кейін жапондық Нана Таканаши ресейліктің көрсеткішін жақсартып – Климчук үшінші болды. Белорустық Марина Зуева жақсы көрсеткіш жасап, жапондық Нене Шакай төртінші орына болғанда, қазақстандық соңғы бесінші болып қалды.