АСТАНА, 1 ақп – Sputnik. Бір ай бұрын қызметке келген ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов шетелдік мемлекеттердің диполматиялық корпусы алдында алғаш рет сөз сөйледі.
"Құрметті достар! Қадірменді елшілер! Министр ретінде араларыңызға жаңа ғана қосылып отырмын. Баршаңызбен кездесу әрі сіздер арқылы елдеріңізбен қарым-қатынас құру мен үшін үлкен құрмет әрі ғанибет. (…) Біз, СІМ, осындай мәртебелі дипломатиялық қауымдастығымыздың барына қуаныштымыз әрі мақтан тұтамыз", — деді Әбдірахманов дипломатиялық корпустың брифингінде.
Әбірхаманов сөйлеген сөзінде дипломаттарға Қазақстанда болатын билікті қайта бөлу туралы айтып берді.