Өңірлер

Мектеп автобусы шопырына оқушы қыздарға тиісті деген күдік келтірілді

© Sputnik / Табылды КадырбековОқушы
Оқушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төртінші сынып оқушысының ата-анасы мектеп автобусының жүргізушісіне шағым түсірді

АСТАНА, 1 ақп – Sputnik. Маңғыстау облысы Шетпе ауылында полиция қызметкерлері 69 жастағы ер адамды ұстады, оған жасөспірім қыздарға тиісті деген айып тағылған. Автобус шопырына шағымды төртінші сынып оқушысының ата-анасы жазған деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Таразда педофил бес жыл бойы досының қыздарын қорлаған

Бұл жайт былтырғы жылғы желтоқсанда ауыл мектебінде болған. Мектеп мұғалімі төртінші сынып оқушыларының бірінің телефонынан 69 жастағы мектеп автобусы шопырынан келген хабарламаны оқыпты: "Қатты сағындым, сағат 15.00-де мектептің алдында күт. Алып кетем". Мұғалім сол күні қыздың ата-анасына хабар береді, олар бірден полицияға шағым түсіреді.

"Қыздың айтуынша, шопыр оған жиі хабарлама жіберіп, хабарласып тұрады екен. Оның үстіне, тоғыз жасар қыздарға бірнеше мәрте қырындаған көрінеді. Оларды сипап, алдына отырғызып, шоколад әпереді. Балалар мұғалімге айтқанымен, ол бұл жайтқа мән бермей, қыздардың ойдан шығарып жүргені шығар депті", — дейді жәбірленуші қыздың жанұясының танысы.

"Автобус шопырының атына өткен жылы 8 желтоқсанда Маңғыстау аудандық ішкі істер бөліміне шағым түсті. 1948 жылы туылған күдікті ұсталып, қамауға алынды. ҚР ҚК 124 бабы 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", — деген ақпарат берді Маңғыстау облысы ІІД.

Жаңалықтар
0