Қоғам

Мәжіліс жайылымдар туралы заң жобасына сенаттың енгізген түзетулерін қолдады

© Sputnik / Мамадалиев / Медиабанкке өтужайылымдар
жайылымдар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенат енгізген өзгертулер заң жобасының концептуалдық қағидаларына әсер етпейді

АСТАНА, 1 ақп – Sputnik. Мәжіліс депутаттары жайылымдардың экожүйесін сақтауға бағытталған жайылымдар туралы заң жобасына сенаттың енгізген түзетулерімен келісті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жылқы - Sputnik Қазақстан
Саясат
ҚР сенаты жайылымдар туралы заң жобасын мәжіліске қайтарды

Сенат енгізген өзгертулер заң жобасының концептуалдық қағидаларына әсер етпейді. Дәлірек айтқанда, заң жобасының "жайылымдардағы жем-шөп мөлшері", "жайылымдарды суалдандыру", "қуаң жайылымдар" сияқты ұғымдарына қатысты қағидаларға толықтырулар енгізілді.

Сонымен қатар, түзетулер жайылымдарды беру және пайдалану бойынша мемлекеттік органдардың жайылым айналымы схемасын бекіту және басқа да өкілеттіктерін облыстық маңызы бар қала немесе ауданның жергілікті атқарушы органы деңгейіне тапсыруды қарастырады.

Депутаттар "Жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенаттың енгізген түзетулерімен келісті.  

Жаңалықтар
0