АСТАНА, 26 қаң — Sputnik. Сенат депутаттары жайылымдардың экожүйесін сақтауға бағытталған жайылымдар туралы заң жобасын екінші оқылымда қарастырып, мәжіліске қайтарды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі уақытта елде жайылымдар туралы заң жоқ. "Жайылымдар туралы" заң жобасының мақсаты жайылымдарды саналы түрде пайдалануға қатысты қоғамдық қарым-қатынастарды реттеу, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау үшін жайылымдық жерлерге халықтың сұранысын қамтамасыз етуге жағдай туғызу, жайылым инфрақұрылымы нысандарының жағдайын жақсарту, жайылымдардың қалпын сақтау.
Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің мәліметінше, заң жобасын талқылау барысында құжатқа түзетулер енгізу қажет болды. Мәселен, республикалық маңыздағы қалалар мен елорда маңындағы сырт жайылымдарды пайдалану бойынша қатынастарды реттейтін нормалар алынып тасталды.
"Жайылымдардың жем-шөп мөлшері", "жайылымды суалдандыру" және "қуаңшылық жайылымдар" сияқты ұғымдар енгізілді.