АСТАНА, 1 ақп – Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауады деп күтіледі, республиканың оңтүстігінде жауын-шашын түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, боран, желдің күшеюі болады деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі Комитеті сайтында.
Қарағанды, Ақмола облыстарында кей жерлерде тұман, желдің екпіні 15-20 м/с, төменнен соққан боран болады, Қарағанды облысында кей жерлерде көктайғақ.
Алматы, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, боран соғады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Павлодар облысында күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, төменнен соққан боран болады, түнде кей жерлерде тұман түседі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Ақтөбе облысында, түнде Маңғыстау облысында кей жерлерде төменнен соққан боран болады.