АСТАНА, 31 қаң — Sputnik. Жамбыл облысында қырғызстандық пойыз рельстен шығып кетті, деп жазады Sputnik Қырғызстан ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Ведомствоның мәліметінше, 57 вагоннан тұратын көмір тиелген пойыз Бішкекке жолға шыққан. Мерке аулында рельстен соңғы алтауы шығып кеткен. Пойызда болған төрт қырғызстандық зардап шекпеген. Апат себептері әзірге белгісіз.
"Қазақстан темір жолдары" Ұлттық компаниясында түсінік беруден бас тартып, Sputnik Қазақстанға төтенше жағдайдың Қазақстанға қатысы жоқ екенін түсіндірді. Өйткені пойыз да темір жол учаскесі де Қырғызстанға тиесілі.
Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаментінде де осы себептермен жағдайды түсіндірген жоқ.