Оқиға

Қарағанды облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті

© АО "НК "ҚТЖ"Жүк вагондар
Жүк вагондар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Рельстің сынуына байланысты 18 вагон рельстен шығып кетті; неден болғанын арнайы комиссия анықтайды.

АСТАНА, 5 жел — Sputnik. 5 желтоқсан күні түнде Қарағанды бөлімшесі жол бөлігінде 18  вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК"АҚ баспасөз қызметі. 

"5 желтоқсанда 03 сағат  50 минутта Қарағанды жол бөлімшесінің Қызылжар-Жаңаарқа телімінде №1607 пойызының жүк тиелген 18 вагоны жолдан шығып кетті", — делінген хабарламада.

Оқиға рельстің сынуынан орын алған.

Пойыз қозғалысы 17сағатта қалпына келтірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Оқиғаның себеп салдарын анықтау мақсатында Компания жанынан арнайы комиссия құрылды.


Жаңалықтар
0