Оқиға

Алматы полициясы Универсиадаға билет сатып жүрген алып-сатарларды ұстап жатыр

© Sputnik / Анатолий УстиненкоУниверсиада-2017
Универсиада-2017 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы полициясы қала тұрғындары мен Универсиадаға келген қонақтарды алып-сатарлардан спорт жарыстарына блет сатып алмауға шақырады.

АСТАНА, 31 қаң — Sputnik. Алматы полициясы Универсиада жарыстарына билет сатып жүрген саудагерлерді ұстады, деп хабарлады сейсенбіде Алматы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Универсиада-2017 алауының эстафетасы Алматыда - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Универсиада еріктілерінің ата-аналары тамақтандыру жүйесіне шағымданды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бостандық ауданына қарасты ІІБ қызметкерлері Орталық стадионы маңынан  төрт алып сатушы ұстаған. Олардың қолында шамамен 80-ге жуық билет болған. Тағы бір ер адам "Халық Арена" алдынан 42 билетпен ұсталды. Ол Медеу аудандық полиция бөлімшесміне жеткізілді.

"Осыдан ары қарай іс материалдары Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберіледі, олар осы мәселе бойынша нақты бір процессуалдық шешім шығаратын болады. Алдын ала, оларға қатысты іс "заңсыз кәсіпкерлік" бабымен жүргізіледі", — деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарынан қолдан билет алмауды сұрайды.

"Тұрғындар мен қонақтарды тек ресми жарыс дереккөздерінен, кассалардан, онлайн кассалардан билет алуға шақырамыз. Қолдан алынған билеттер жалған болуы мүмкін", — деді Алматы ІІД-нің өкілі.

Барлық анықталған фактілер бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады. 


Жаңалықтар
0