АСТАНА, 31 қаң — Sputnik. Алматыдағы қысқы Универсиада ұйымдастырушыларына көмектесіп жүрген еріктілер аш қарын жұмыс істеуге мәжбүр деп шағымданады жастардың ата-аналары.
"Универсиада еріктілері таңертеңнен кешке дейін тегін жұмыс істейді. Сұрайын дегенім, оларға берілетін тағам неліктен жеуге жарамсыз? Бәрі таза ауада жүрген жоқ па, тауда аш қарын жұмыс істеу қиын. Ал, сіздер беріп отырған ас жеуге жарамайды!!! Балам тамағын өзімен бірге алып жүреді, бірақ жүздеген басқа балалар да аш болғандықтан, солармен бөлісуге мәжбүр. Бірақ оның тамағы кімге жетеді?", — деп жазады Facebook қолданушысы Жазира Тәжібекова хабарламасын Алматы әкімдігіне бағыттап.
"Міне, осындай сапасыз тағамды еріктілер ғана емес, спортшыларға да, бапкерлерге де беріп отыр! 12 сағат ішінде беретін тамақтары осы!!!", — деп жазады Тәжібекова, тағамның суретін жариялап.