Саясат

Қасымов Ақышевтың ұсталғандығы туралы жалған хабарламаға қатысты пікір білдірді

© Photo : Пресс-служба правительства РКҚалмұхамбет Қасымов
Қалмұхамбет Қасымов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
27 қаңтар күні Данияр Ақышевтың ұсталғандығы тралы ақпарат әлеуметтік желілерді пайдаланушыларының парақшаларында жарияланды

АСТАНА, 31 қаң — Sputnik. Полицияға ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтың ұсталғандығы туралы жалған ақпарат таратқандарды жауапқа тарту туралы арыз түскен жоқ, деп хабарлады Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов.

Бұрын Ұлттық банк басшысының ұсталғандығы туралы постты  "кейбір деректерге" сілтеме жасай отырып, Астана прокуратурасы Консультативтік кеңесінің мүшесі Сырым Абдрахманов та жариялаған. 

ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ҚР Ұлттық банкі Ақышевтың ұсталғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды
 

ҚР Ұлттық банкі Ақышевтың ұсталғандығы туралы ақпаратты үзілді-кесілді жоққа шығарып, жалған мәлімет таратып жатқан адамдарды жауапқа тарту мақсатында құқық қорғау органдарына жүгінетіндерін  хабарлаған. 

"Жоқ", — деді Қасымов үкімет отырысынан кейін полицияға арыз түсті ме деген журналистердің сұрағына жауап беруде. 

Қазіргі уақытта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының топ-менеджерлерінің үстінен бөтен мүлікті иемдену және талан таражға салу туралы іс бойынша тергеу жүруде. Желтоқсанның аяғында сот "БЖЗҚ" АҚ басқарма басшысы Руслан Ерденаев пен тәуекелділіктерді басқару департаменті қаржы тәуекелдіктері басқармасының бастығы Мұса Бақытовты екі айға қамауға алу туралы қаулы шығарды. 


Жаңалықтар
0