Оқиға

ҚР Ұлттық банкі Ақышевтың ұсталғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды

© Sputnik / Болат ШайхиновҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев
ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық банктің өкілі бастықтарының жұмыста екендігіне сендірді

АСТАНА, 27 қаң – Sputnik. Жұма, 27 қаңтарда әлеуметтік желілерде ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышевтың ұсталғандығы туралы жариялымдар шыға бастады. 

Ұлттық банк - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанадағы Ұлттық банкі ғимаратының маңына полицейлердің жиналуын ІІД-де түсіндірді

"Біздің басшымыз жұмыста отыр. Біз бұл ақпаратты үзілді-кесілді жоққа шығарамыз. Ұлттық банк жалған мәлімет таратып жатқан адамдарды жауапқа тарту мақсатында құқық қорғау органдарына жүгінеді", — деп мәлім етті Sputnik Қазақстанға ведомствоның қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев. Бұл ретте, ол шағым түсіретін мерзімдерін нақты атаған жоқ. 

ҚР Ұлттық банкі басшысының ұсталғандығы туралы постты "кейбір деректерге" сілтеме жасай отырып, Астана қаласы прокуратурасының Консультативтік кеңес мүшесі Сырым Абдрахманов жазды. 

Қаңтардың ортасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Facebook желісінде жоғары лауазымды тұлғалардың ұсталуларына қатысты пікір білдірген. Ол, атап айтқанда, қол астындағы қызметкерлері сыбайлас жемқорлық күдігі бойынша ұсталғаннан кейін Ұлттық банк төрағасы қызметінде қалады ма деген сұрақ қойған болатын.  

Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
БЖЗҚ ісі: қамауға алынған басшылардың есімі белгілі болды

Қазіргі уақытта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының топ-менеджерлерінің үстінен бөтен мүлікті иемдену және талан таражға салу туралы іс бойынша тергеу жүруде.

Желтоқсанның аяғында сот "БЖЗҚ" АҚ басқарма басшысы Руслан Ерденаев пен тәуекелділіктерді басқару департаменті қаржы тәуекелдіктері басқармасының бастығы Мұса Бақытовты екі айға қамауға алу туралы қаулы шығарды. 


Жаңалықтар
0