АСТАНА, 9 қаң — Sputnik. БЖЗҚ, "АлатауМұнайАлтын" АҚ және "Бузгул Аурум" ЖШС басшылары 28 желтоқсан күні ұсталып, 30 желтоқсанда қамауға алынған болатын. Алайда содан бері лауазымды тұлғалардың есімі мен оларға келтірілген күдік туралы ақпарат жоқ еді. Бүгін Алматы қалалық соты бұл туралы мәлімет жариялады.
Алмалы аудандық соты 30 желтоқсан күні "БЖЗҚ" АҚ басқармасының төрағасы Руслан Ерденаевті, тәукелдерді басқару депратаменті қаржы тәуекелі басқарамасының басшысы Мұса Бақытовты, "АлатауМұнайАлтын" АҚ қадағалау кеңесінің төрағасы Бақытжан Кенжебаевты, "Бузгул Аурум" ЖШС директоры Азат Найзағаринді екі айға қамауға алуға қаулы шығарды.
Сот алды тергеу органдары Ерденаев пен басқаларына меншікке қарсы қасақана ауыр дәрежеде қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдік келтіріліп отыр. Олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 бабы, 4 бөлігі, 2 пункті бойынша айыпталды", — делінген баспасөз қызметі хабарламасында.
Сонымен қатар, қаулыға бүгін шағым түсірілетіндігі хабарланды.