АСТАНА, 31 қаң — Sputnik. Қазақстандық қос фристайлшы Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек Универсиада-2017 жарысында "Аралас командалық акробатика" бойынша алтын медаль жеңіп алды, бұл медаль Қазақстанды жалпы командалық есеп бойынша екінші орынға шығарды.
Ақтық сында қазақстандықтар қытайлық қос жұптан басым түсті. Екі талпыныстан соң көрсеткіштері 167.05 болса, бәсекелестері 113.02 және 87.77 нәтижелерін көрсетті.
Осылайша, Жанбота Алдабергенова сенбі күнгі жеке фристайл акробатикадан суперфиналда жеңілгені үшін реванш алды: ол жерде ол ұзақ уақыт бойы алтыннан үміткер болды, алайда соңында дұрыс отырмай қойып, үшінші орынға түсті.
Ол кезде алтын медаль қытайлық Жу Вингянгқа бұйырды. Сол кезде Алдабергенова журналистерге командалық жарыстарда алтынға күресуге уәде беріп, айтқан сөзінде тұрды.
Үй Универсиадасының алғашқы алтынын Қазақстанға биатлондық Алина Райкова әкелген.