АСТАНА, 31 қаң — Sputnik. Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиадада Қазақстан құрамасының алғашқы алтын медалін биатлоншы Алина Райкова иеленді.
Райкова жеке жарыста сейсенбі күні отандасы Галина Вишевскаядан озып, дүйім жұртты таң қалдырды. 15 шақырымға созылған қашықтықта жеңімпаз атанған аруымыз небәрі екі рет мүлт кетсе, Вишневская төрт рет қателескен екен.
Нәтижесінде, Райкова қашықтықты 59 минут 48,7 секунда жүріп өтті, ал күміс жүлдегер одан 2 минут 45,9 секундқа қалып қойды. Үшінші орынды Украина намысын қорғаған Надежда Белкина алды.