АСТАНА, 31 қаң — Sputnik. Сейсенбі күні Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиадада бес шақырым қашықтық бойынша екінші қола жүлдеге ие болды.
Сейсенбі күні қапалаған қар астында қыздар арасында бес шақырымдық шаңғы жарысы өтті. Шевченко мәреге үшінші болып жетті, ол жеңімпаз атанған ресейлік Анна Нечаявскаядан 21,3 секундқа қалып қойды. Екінші орынды ресейлік шаңғышы Лилия Васильева иеленді, ол қазақстандық қыздан 3 секундқа озып кетті.
Бұдан бұрын дүйсенбі күні Шевченко бес шақырымдық жеке жарыста үшінші орынға қол жеткізген болатын, сол кезде де алтын және күміс жүлдені ресейлік шаңғышылар иеленген еді.