АСТАНА, 30 қаң — Sputnik. Қазақстандық Жібек Арапбаева мен Жанбота Алдабергенова дүйсенбі күні Алматыдағы 28-ші қысқы Универсиада аясында өткен фристайл бойынша жарыста күміс және қола жүлдегер атанды.
Екі қазақстандық дүйсенбі күні фрристайл-акробатика финалында өнер көрсеттті, ақтық сынға олардан бөлек қытайлық Чжу Иньин мен белорус қызы Вера Ляшкевич өткен еді. Нәтижесінде бірінші орынды Қытай елінен келген бойжеткен иеленді, өйткені қола жүлдегер атанған Жанбота Алдабергенова өз кезегінде жерге дұрыстап табан тірей алмаған еді.
Соңғы элементте жіберген қателігінің салдарынан аруымыз үшінші орынға сырғып, ал екінші орынды Жібек Арапбаева иеленді, үздік төрттіктің соңғы жүлдегері белорус қызы Вера Ляшкевич атанды.