АСТАНА, 30 қаң — Sputnik. Қазақстанның ұлттық құрамасы дүйсенбі күні Алматыдағы қысқы Универсиадада алғашқы медаліне қол жеткізді.
Жеке стартта бес шақырымдық қашықтықта қыздар арасында қазақстандық Анна Шевченко қола жүлдеге ие болды. Ол мәреге 14 минут 23,8 секундта жетті.
"Жол өте күрделі, оның үстіне ауа райы да әсер етті: күн шығып, қардың құрылым өзгерді, бірақ, бастысы, шаңғым жақсы жүрді", — дейді Шевченко тілшілерге.
Спортшының айтуынша, жарыста бар мүмкіншілігін пайдаланып, жақсы өнер көрсетті, алайда қашықтықтың екінші жартысында жоғалтып алған екі секундының салдарынан үшінші орынға сырғуына "өкінгендігін" жасырмады.