Спортшылар атынан әділ сайыс туралы антты қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Айза Иманбек қабылдады, ал Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) туын белгілі спортшылар Василий Подкорытов, Данияр Елеусінов, Әділет Дәулімбаев, Динара Сәдуақасова, Екатерина Айдова және Мариан Урдабаева алып шықты.
Қатысушылар алдында FISU басшысы Олег Матыцин сөз сөйледі.

1/7
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Факел ұстап шыққан 16 облыс пен қалалар өкілдері жұмылып, Универсиада Алауын жақты.

2/7
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Универсиада-2017 жарысында 57 елден келген 2000-нан астам спортшы бақ сынасады.

3/7
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Универсиада-2017 ашылу салтанатына келген көрермендер.

4/7
© Sputnik / Анатолий Устиненко
"Бұл стадионға әлемнің жүздеген алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының студенттері келіп отыр. Араларыңызда болашақ олимпиадашылар, әлемдік біріншілік жүлдегерлері бар. Тіпті мансабын экономика, саясат және бизнеспен байланыстыратындар да бар", - деп Елбасы Универсиада-2017 қатысушыларымен сәлемдесті.

5/7
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Ашылу салтанаты кезінде көрермендер мен қатысушылар Қазақстанның әр кезеңдердегі даму қарқыны және салт-дәстүрімен таныс болды.

6/7
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Универсиада-2017 ашылу салтанаты.

7/7
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Шоуға бір жарым мыңнан астам әртіс қатысқан.
