Қоғам

Бас прокуратура: Қазақстанда бес жыл ішінде тоғыз теракт жасалған

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматыдағы атыс
Алматыдағы атыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның бас прокуратурасы анықтамаларды айқындап, ғаламтордағы қарсы қимылдарды күшейту арқылы діни экстремизмге қарсы күрес шараларына баса назар аударуға шақырды

АСТАНА, 31 қаң — Sputnik. Қазақстанда соңғы бес жыл ішінде тоғыз теракт жасалған деп хабарлады елдің бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко.

түзету колониясы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбе лаңкестерінің сыбайластары рақымшылыққа ілікті

"Халықаралық террористтердің іс-әрекеті кеңейіп келе жатқандығын айтуға тиіспін. Күнделікті бейбіт тұрғындар зардап шегіп жатады. Радикалды ұялардың әсері біздің елге де тиіп жатыр. Бес жыл ішінде Қазақстанда тоғыз рет теракт жасалды. Бұл қауіп-қатер баршамызға ортақ, сол себепті бірлесіп әрекет етуді талап етеді", — деді Кравченко "Терроризмге әкеп соқтыратын зорлық-зомбылықты экстремизм мен радикалдануға қарсы іс-қимылда құқық қорғау органдарының әлеуетін арттыру" деген тақырыпта өткен халықаралық дөңгелек үстел барысында.

Бас прокурордың орынбасары атап өткендей, экстремисттер уағыз жүргізу үшін ғаламторды пайдаланады, олардың қатарында тұтастай "ақпараттық қызметтер" бар. Сарапшылардың пікірінше, жастардың 80%-ы ғаламтор арқылы террористік жолға түседі.

"Сонымен қатар, терроризм мен террористік іс-әрекеттің анықтамасының әр түрлі сипатталу мәселесін де көріп отырмыз. Бірізді квалификация мен жауапкершілік түрін қолдану аса қажет. Біздің пайымдауымызша, бұған терроризмге қарсы күрес туралы халықаралық конвенция қабылдау арқылы қол жеткізуге болады. Бұл іс-шараның осындай конвенцияны құруға арналған диалогтік алаңқай болатынына үміттенеміз", — дейді ҚР Бас прокуратурасының өкілі. 

Жаңалықтар
0