Оқиға

"Эйр Астана" Мәскеуде штаттан тыс қонудың мән-жайын хабарлады

Жазылу
"Эйр Астана" ұшағының бортында жолаушының жүрегі қысылды. Экипаж жақын әуежайға қону туралы шешім қабылдады.

АСТАНА, 30 қаң — Sputnik. Қазақстандық ұлттық әуе тасымалдаушы "Эйр Астана" АҚ-ның ұшағы жолаушының нашар сезінуіне байланысты мәскеулік "Домодедово" әуежайына штаттан тыс қонды.

Әуекомпанияның баспасөз қызметінде кейіннен хабарланғандай,  29 қаңтарда Астана-Франкфурт бағыты бойынша КС 922 рейсін жасау кезінде, бортта жолаушылардың бірі нашар сезінді. Ол кеудесінің сыздауына шағымданған. 

Самолет. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтауда борттағы жанжал салдарынан ұшақ қонуға мәжбүр болды

Экипаж әуекомпанияларына алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша консультативтік қызмет көрсететін Medlink компаниясына хабарласып,дәрігердің кеңесі бойынша жолаушыға дәрі берген. Қабылданған шараларға қарамастан, жолаушының ауыруы басылмаған.

Дәрігермен кеңескен әуе кемесінің командирі ұшақты жақын Домодедова әуежайына қону туралы шешім қабылдаған. Қонған кезде дәрігерлер бригадасы жолаушыны тексеріп, оған препарат берген.

Одан кейін науқасқа сапарды жалғастыруға рұқсат берген. Мәскеуден Астанаға дейін жолда жолаушының жанында бортсерік болған. Астанаға жолаушы  басқалармен бірге 30 қаңтар күні аман есен жеткізілді.  


Жаңалықтар
0