Оқиға

Ақтауда борттағы жанжал салдарынан ұшақ қонуға мәжбүр болды

© SputnikСамолет. Архивное фото
Самолет. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бортта 211 адам және екі бала болды, ұшақ 00:16-да қонды, 03:22-де ұшып кетті.

АСТАНА, 15 қыр —Sputnik. Түркиядан Алматыға рейспен ұшып келе жатқан ұшақ борттағы жолаушылар арасында шыққан жалжал салдарынан Ақтау әуежайында қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады Sputnik-ке Ақтау стансасындағы желілік ішкі істер бөлімінен.

ЖІІБ мәліметінше, Түркиядан Алматыға рейспен ұшқан ұшақ бортында жолаушылар арасында жалжал шықты, соған байланысты Ақтауда қонуға шешім қабылданды. Жолаушылар арасындағы жаппай төбелес дерегі жоққа шығарылды. Полицейлердің мәліметінше, дау-жанжалға үш адам қатысқан, атап айтқанда зардап шегуші әйел, боқтаушы және әйелді қорғамақ болған ер адам.

"Бұл мас жолаушыдан болды, ол әйелмен ұрысты, басқа адам оны қорғамақшы болды. Қалғандары туыстары болды, олар өздері қалды", — деп нақтылады  ведомстводан.

Ақтау халықаралық әуежайынан Sputnik-ке хабарлағандай, экипаж жоспардан тыс қонуды сұрады. Бортта 211 адам және екі бала болды, ұшақ 00:16-да қонды, 03:22-де ұшып кетті.

Жаңалықтар
0