АСТАНА, 30 қаң — Sputnik. Арқалықта некесіз бірге тұрған адамын өлтіруге тапсырыс берген әйелге шығарылған бастапқы үкімді сот жұмсартудан бас тартты деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының сайты.
Істің дерегі бойынша, 54 жастағы Ораза Қабыл Ч. деген азаматпен 2002 жылдан бері некесіз бірге тұрған, алайда 2013 жылдан бастап басқа ер адаммен танысып, "күйеуі" іссапарға кеткенде үйіне шақырып тұрады.
Мұны білген "күйеуі" шу шығара бастайды. Қызғаныш кернеген ер адам әйелі мен оның анасын ұрып соғады. Сонымен қатар, ол ішімдікке салынып, құмар ойнына беріліп кетеді, үйіне келгенде газ баллонның аузына ашып, үйді жарып жіберемін деп қоқан-лоққы көрсетеді.
Осы жайттардан соң Ораза некесіз күйеуін өлтіруді ойлай бастайды. Ойын іске асыру үшін танысына өтініш жасайды. Ол, өз кезегінде, арақ ішіп отырып басқа бір досына айтып береді. Әлгі адам қызуғшылық танытып, әйелмен сөйлесіп көреді.
Некесіз күйеуін өлтіру үшін Ораза 70 мың теңге беремін уәде береді. Ер адам бастапқыда оның сөздерін елемегенімен, әйел қыр-соңынан қалмай қояды. Сол кезде әлгі адам полицияға барып, бар шындықты жайып салады.
Полицейлер Оразаның некесіз күйеуінің өлімін боямалап көрсетеді. Бұдан бұрын әйел "жендетке" алдын ала 5 мың теңге төлепті. Айғақ ретінде Оразаға бас киім мен қанға боялған ұялы телефонды көрсеткен.
Сол кезде арқалықтық әйел тұтқынға алынды. Оны жалпы тәртіпті колонияға 11 жыл үш айға соттады.
Қорғаушы тарап соттан жаза мерзімін 5 жылға дейін қысқартуды сұрағанымен, бірінші инстанция сотының үкімі өзгеріссіз қалды.