Өңірлер

Өзін қорғаймын деп күйеуін өлтірген ақтөбелікті сот кінәсіз деп тапты

© Sputnik / Табылды КадырбековПышақ кезенген ер адам
Пышақ кезенген ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот өзін қорғаймын деп күйеуін өлтірген әйелді ақтап алды.

АСТАНА, 9 жел – Sputnik. Өзін қорғаймын деп күйеуін өлтірген Ақтөбе облысының тұрғыны Айгерім Кауканованы қылмыс құрамы болмағандықтан, сот  ақтап алды деп хабарлайды облыстық сот баспасөз қызметі. 

Тұрмыстық зорлық - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚР Бас прокуроры: тұрмыстық зорлық құрбандары әлсіздеу бола түсті

Іс жөнінде соттың анықтауы бойынша, сотталушының күйеуі шектен тыс ішімдік ішіп, жұбайын үнемі ұрып соққан. 2016 жылы 17 сәуірге қараған түні мас күйеуі әйелін қызғанып, үй ішінде тағы да шу шығарған. Ұрыс-керіс кезінде күйеуі әйелін қолымен ұрып, ағаш оқтаумен сабай бастайды.

Кауканова өз өмірін қорғаймын деп, пышақ ұстап тұрған күйеуінің қолына жармасып, итеріп жібереді. Нәтижесінде пышақ күйеуінің кеудесіне қадалып, ол көп қан жоғалтқандықтан оқиға орнында көз жұмады.

Әйелге қатысты ҚР ҚК 99-бабы "Кісі өлтіру" бойныша қылмыстық іс қозғалды. Сот талқылауы кезінде мемлекеттік айыптаушы ҚР ҚПК 337-бабы, 6-бөлігі бойынша айыптауды өзгертіп, сотқа Каукановның әрекетін ҚР ҚК 102-бабына (Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтіру) сәйкес алмастыруды ұсынды. 

Сот істің мән-жайын зерттеп, жинақталған айғақтарды бағалай отырып, Кауканованың қасақана қылмыс жасағандығы дәлелденбеді деген шешімге келді. Сотталушының іс-әрекеті қажетті қорғаныс деп бағаланып, қылмыс құрамы болмағандықтан оны ақтап алды.

Әйелді сот залында қамаудан босатты.     

Жаңалықтар
0