АСТАНА, 18 қар — Sputnik. Қазақстанда тұрмыстық зорлық құрбандары жаңа Қылмыстық кодекстің енгізілуімен әлсіздеу бола түсті, деп мәлім етті ҚР бас прокуроры Жақып Асанов.
Жұма күні парламенттік тыңдауларда сөз сөйлеген ол, қолданыстағы Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық процессуалдық, және қылмыстық атқару кодекстерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін атады. Кемшіліктердің бір кемшілігі ретінде бас прокурор отбасылық-тұрмыстық зорлау саласындағы заңнаманы атап өтті.
"Біз жақсартқымыз келді. Соққыға жығуды Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінен Қылмыстық кодекске көшірдік. Жазаны күшейтеміз деп ойладық. Бірақ зорлық құрбандары әлсіздеу бола түсті. Неліктен? Өйткені дәлелдеудің барлық ауыртпашылығын құрбанға артып қойдық", — деді Асанов жұмадағы парламенттің тыңдаулар кезінде.
Оның атап өтуінше, мұндай істер енді жеке айыптауларға өтіп кетті. Сондықтан полиция заң бойынша қағажуланды. "Яғни құрбан өзі куәгерлерді, көршілерді тауып, түсініктерді жинап, одан бөлек сотта өзіне жасалған зорлықты дәлелдеуі тиіс", — деді Асанов.