Өңірлер

Асқазанына есірткі салып алған ер адам Қазақстан шекарасынан өтпек болды

© SputnikМарихуана
Марихуана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адамды қызметтік ит әшкереледі: құқық бұзушының асқазанында марихуана болған

АСТАНА, 30 қаң — Sputnik. Қазақстан – Өзбекстан шекарасында есірткілік заттарды асқазанына салып өткізбек болған өзбекстандық азамат ұсталды деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметі.

Контрафактілік ішімдікті жою - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ресей азаматы шекарадан ішімдіктің ірі партиясын алып өтпек болған

 Сарыағаш шекара отрядына қарасты "Жібек жолы — авто" бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды шекаралық бақылау жүргізу кезінде олрдың қызметтік иті 30 жастағы Өзбекстан азаматының қасына келгенде ырылдап қоя берді. Бұл — аталған азаматтың бойында есірткі бар деген сөз. 

Тергеу кезінде аталған азамат асқазанында есірткілік заттың бар екендігін мойындады. Айтуына қарағанда, есірткілік зат – марихуананы көлемі бір сантиметрлік болатын 6 дана дөңгелек полиэтиленді қағазға орап, жұтып жіберіпті. 

Аталған дерек бойынша Сарыағаш гарнизонындағы құқықорғау органдары хабарландырылды. 

Жаңалықтар
0