АСТАНА, 30 қаң — Sputnik. Жеті әуе рейсі Астанадан жоспарланған мерзімінен кейін жөнелтіледі және үшеуі елордаға кешігіп жетеді. Астана халықаралық әуежайы бұл жайтты қолайсыз ауа райымен байланыстырып түсіндірді.
Электронды онлайн-таблоға сәйкес, үш рейс Алматыға кешіктіріліп жөнелтіледі, бұдан бөлек, Астанаға Ақтау, Қостанай, Талдықорған қалаларынан келетін рейстер және Алматыдан төрт рейс кешігіп жететін болады. Екі рейс – Үрімшіге барыс-қайтыс – кейінге қалдырылды деп хабарлады әуежайдан Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"Алматыдан келуі тиіс рейстер Алматыдағы ауа райы қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылды, Талдықорғанда да сондай жайт. Қалған рейстер Астанадағы тұманның салдарынан кешіктірілді", — деп хабарлады агенттікке сұхбат беруші.