Өңірлер

Қазақстандықтарды қарлы дүйсенбі күтеді

© SputnikҚыс
Қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

АСТАНА, 30 қаң — Sputnik. Республиканың басым бөлігінде  атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерінде қар күтіледі, оңтүстік облыстарда жауын-шашын болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, күндіз Атырау  облыстарының кей жерлерінде  тұман күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23  м/с күшейеді. Жамбыл облысының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі,  күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с  күшейеді.  

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман,күндіз кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 18 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, Жармин ауданында екпіні 25 м/с. 


Жаңалықтар
0