АСТАНА, 30 қаң — Sputnik. Алматыда өткен XVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың ашылу салтанаты екі сағат он бес минутқа созылды. Бұқаралық халықаралық спорт оқиғаларының ашылуы әрдайым ойын-сауық, ауқымдылық, тосын сый тұрғысынан болжамдық болады. Осы маңызды сәтке қалай дайындалғандары, бәрі жоспарланғандай болды ма Sputnik Қазақстанға салтанаттың қоюшы режиссері Шара Айдарова айтып берді. Ашылу салтанаты аяқталған соң Шара Айдарованы әлі де тауып алу оңайға соқпады. Ол "Алматы-Аренаның" мониторлар толы, сымдар шатасып жатқан жасырын дәліздерінде жетекшілік етуді жалғастырып жүрді.
- Біздің ашылу салтанатымыз туралы пікір білдірген шетелдік қонақтар тәнті болды. Жұмысты бастар алдында осындай іс-шараларды өткізу тәжірибесімен таныстыңыз ба?
— Біз халықаралық жобаларды өткіздік. Бізді шетелдік өкілдер шақырды, ЮНЕСКО-мен жұмыс істедік. Сочидегі Олимпиадада "Қазақстанның қонақ жәй үйін" әзірледік, безендірдік, қонақтар қабылдадық, ашылу және жабылу салтанатын бақыладық. Біз үшін бұл үлкен тәжірибе. Сондай-ақ Универсиадаға дайындалған кезде алдыңғы жобаларды қарауға тырыстық, мәселен Туринде. Ал жазғы Универсиадаға келер болсақ – 2013 жылы Қазанда супер ашылу болды. Әрине, олардың дайындығын, ауқымын көрдік.
Біз де ауқымды көрсеткіміз келді, бірақ біздің менталитеттің ерекшеліктерімен. Алматының бүкіл сұлулығын ауызша жеткізіп, шығармашылық бейне роликтерде көрсетуге тырыстық. Ұлттық колоритті музыкалық шоу бағдарламада көрсетуге тырыстық. Өйткені бағдарламаның хаттамалық бөлімі – хаттама күйінде қалады: шеру, өнер көрсету, спортшылар мен судьялардың анты. Ал шоу бағдарлама шоу бағдарлама болып қалады. Оларға біздің мифологиялық тамырларымызды, яғни жақсылықтың зұлымдықпен күресін сіңіруге тырыстық. Тарихты көрсеттік: сақтар дәуірі, Жібек жолы, археологиялық артефактілер.
— Шоу қаншаға шықты – мен ақша туралы сұрап отырмын?
— Мен оны айта алмаймын. Бірақ, бізде 100-пайыздық қазақстандық өнім болғанын атап өкім келеді. Әр костюм эксклюзивті, оны өзіміз тіктік. Бізде өзіміздің цех, өзіміздің декораторшы суретшілеріміз бар. Барлығы тәжірибесі мол қазақстандықтар. Өлеңдердің бәрі түпнұсқалы. Әр эпизодтың егжей тегжейлі құрастырылды.
- Қандай қиындықтар туындады?
— Телевизиялық нұсқаны қазақстандықтар емес FISU шақырған режиссерлердің түсіргеніне қаттым абдырадым. Біз оларға жоғары талаптар қойдық, өйткені олар мұндай шоу бағдарламаларды түсірмеген. Бізде көптеген ауыр технологиялық шешімдер болды. Стадионның 360 градусқа қамтылуын көрсетуге тырысқан көптеген дүниелер бар. Сондықтан техникалық тұрғыдан барлық арнайы шешімдер төбеге "тігілді". Бұл ғимарат бірегей, өте жақсы. Біз оны Алматының 1000 жылдығын атап өткенде тексердік. Бұл ғимараттың кез келген техникалық шешімдерді атқаруға дайын екенін атап өткім келеді.
- Айтыңызшы барлығы мінсіз өтті ме?
— Білесіз бе, мен теле нұсқаны көріп, кішкене ренжідім. Өйткені ол жадыда қалады, дүниежүзілік эфирлерге шығады… Мен мол тәжірибесі бар телевизиялық режиссермін. Әрине менің талаптарым жоғары болды. Мен әр кадрлау бойынша онымен (теле нұсқа режиссері) отырдым, камераларды қойдым, тағы басқа. Бірақ маған біраз жерде теле нұсқа ұнамады: нюанстарды қақпаған, концепция. Режиссер механикалық тұрғыдан түсіру емес, ол әр нөмірдің концепциясын білуі тиіс. Мәселен, "сақтар" (номер – еск.) – бұл құс самғауы тұрғысынан көзқарас, бұл қозғалыс.
— Неліктен қазақстандық режиссерлерді шақырмадыңыздар?
— Әрине өзіміздің кәсіби режиссерлердің болғанын қалар едік. Бірақ олар теле нұсқалардың сеніміне ие болулары үшін, оларға мол халықаралық тәжірибе қажет. Олар жақсырақ жазушы еді телевизиялық нұсқаны түсінесіз бе. Бәлкім мен осындай перфекционист болармын… Әр егжей-тегжейді талқыладық, раскарды жасап, камераларды қойдым. Бірақ көбін жіберіп алыпты.
- Дайындық қанша уақытқа созылды?
— Әр нөмірде адамдар көп болғандықтан, техникалық нюанстар, эффектілерді ескере отырып, әр нөмірге репетициялар бөлінді. Біз мұнда техникамен 15 қаңтарда кірдік. Алаңдағы репетициялар тек 20 қаңтарда басталды. Өзге локацияларда, әрине біз олармен бұрын да жұмыс істегенбіз. Бірақ кесте қатаң болды. Әр ұжым өз уақытын білді. Әрқайсысы қай уақытта босайтынын білді.
Алдын ала музыка ойластырылып, әр штрихты ойластырылды. Біздің әкіміміз Бауржан Қыдырғалиұлы (Байбек — еск) әр нюансқа кінәмшіл қарады. Осыны атап өткім келеді.
- "Кінәмшіл" деген қандай мағынады?
— Оның лайықты бағасын берген жөн, біздің шығармашылық процесске кедергі келтірген жоқ. Біз оған бағдарламаны таныстырдық, ол бізге карт-бланш берді, өйткені сенді.