Спорт

Алматыда қысқы Универсиаданың ашылу салтанаты өтіп жатыр

© Sputnik / Анатолий УстиненкоУниверсиада
Универсиада - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Алматы-Арена" мұз сарайында қысқы Универсиаданың ашылу салтанаты өті жатыр .

АСТАНА, 29 қаң – Sputnik. Алматыда Дүниежүзілік қысқы Универсиада 2017 ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ашылу салтанаты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Алматы-Арена" мұз сарайында өтіп жатыр. 

Рәсім театрландырылған шерумен басталды. Ұлттық киім киген оның қатысушылары: бишілер, қазақ дәстүрлерін дәріптеген әртістер  халық әнінің әуенімен сахнадан өтті. Атап, айтқанда шашу шашты. 

Мұз сарайы трибунасында салтанатты рәсімнің көрермендері 12 мың адам болды. Ұлттық ұлан сарбаздары Қазақстанның туын салтанатты түрде алып шықты. Балалар хоры Қазақстанның  мемлекеттік әнұранын шырқады. Одан кейін қатысушы елдердің спортшыларының шеруі басталды.

Жалпы Универсиадаға 60-қа жуық ел қатысқалы отыр. Жарысар спорттың 12 түрінен өтеді. Универсиада 8 ақпанға дейін жалғасатын болады. 


Жаңалықтар
0