АСТАНА, 28 қаң — Sputnik. Ақ үй мәлімдегендей, АҚШ Және Ресей президенттерді Дональд Трамп пен Владимир Путиннің телефон арқылы келіссөзі сенбі күні Мәскеу уақытымен 20.00-де (Астана уақытымен 23.00-де) болады деп хабарлайды РИА Новости Ақ үйге сілтеме жасап.
Келіссөздерге АҚШ вице-президенті Майк Пенс те қатысады. Путинмен сөйлескенге дейін Трамп Япония премьері Синдзо Абэ және Германия канцлері Ангела Меркельмен тілдеседі.
Жұма күні Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков сенбі күні Путин мен Трамптың телефон арқылы келіссөз жүргізетіндігін растаған болатын.