АСТАНА, 27 қаң – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы демалыс күндері Ресей президенті Владимир Путинмен әңгімелесуді көздеп отыр, деп хабарлайды РИА Новости NBC тілшісі Хелли Джексонға сілтеме жасай отырып.
"Әкімшіліктегі дереккөзіне сәйкес, президент Трамп пен Владимир Путин күтіліп отырғандай осы демалыс күндері сөйлеседі. Инаугурациядан кейінгі алғашқы қоңырау", — деп жазды Джексон өзінің Twitter-аккаунтында.
Трамп сайланғаннан кейін Путин пен Трамп телефон арқылы сөйлескен, бірақ ол инаугурацияның алдында болатын.
Бейсенбі күні Ресей мемлекетінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге Трамп пен Путиннің телефонмен хабарласатын уақытының келісілмегенін хабарлаған.