Әлем

Трамп: АҚШ аймақтағы мұнайды бақылауға алғанда, ИМ болмас еді

© AP Photo Ислам мемлекеті
Ислам мемлекеті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дональд Трамп "Ислам мемлекеті" мүлдем құрылмайтын жағдайды атады

АСТАНА, 26 қаң — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамптың пайымдауынша АҚШ аймақтағы мұнай кен орындарын бақылауға алғанда, "Ислам мемлекеті" тобы құрылмас еді деп жазады РИА Новости.

Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Әлем
Трамп АҚШ-ты Транстынықмұхиттық әріптестіктен шығаруды тапсырды

"Мұнайды бақылауға алғанымызда, ИМ болмас еді. Олар соның кірісін пайдаланып, соның ақшасының арқасында отыр", — деді Трамп АВС арнасына берген сұхбатында.

Оның үстіне, Трамп мұндай әрекет халықаралық құқықты бұзады дегендерді "сарапшы емес, ақымақтар" деп атады.

Сонымен қатар, оның ойынша, "АҚШ Иракқа кірмей-ақ қоюы керек еді және бұлай шықпағаны жөн еді".   

Жаңалықтар
0