АСТАНА, 24 қаң — Sputnik. Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп АҚШ-тың сауда өкіліне Вашингтонды Транстынықмұхиттық әріптестік жөніндегі келіссөздерден шығаруды тапсырды, деп жазады РИА Новости.
"Мен сізге ТМӘ туралы келісімге қол қойған елдер қатарынан АҚШ-ты шығарып, АҚШ-ты келіссөздерден тұрақты негізде шығаруды, сонымен қатар, мүмкіндік бар жерде америкалық өнеркәсіпке қолдау жасау үшін, америкалық жұмысшыларды қорғау және олардың жалақыларын өсіру үшін екі жақты сауда келіссөздерін бастауды бұйырамын", — делінген АҚШ-тың сауда келіссөздердегі өкілінің атына жазылған меморандумда.
Трамп сондай-ақ ТМӘ-ға қатысушыларға АҚШ-тың бұл келісімге қол қойған елдер қатарынан, сондай-ақ, келіссөздер процесінен шығатыны туралы жазбаша ескерту жіберуді тапсырды.