Қоғам

Бас прокурор: дублерлерді қусаңдар, марапаттаймыз

© Photo : Генеральная прокуратура Республики КазахстанЖақып Асанов
Жақып Асанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов мемлекеттік органдарды өз қатарын оңтайландыру үдерісіне ат салысуға шақырады

АСТАНА, 27 қаң – Sputnik. Бас прокурор Жақып Асанов жоғары қадағалау ведомствосының штатын оңтайландыру жөнінде тұшымды ұсыныстар айтатын болса орынбасарларын марапаттауға уәде беріп, тергеу үдерісіне қатысы бар барлық органдарды осы мәселемен айналысуға шақырды.

ҚР бас прокуроры Жақып Асанов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Асанов: "екілік прокурорлар" Қазақстан жүйесіне қымбатқа түседі

Жұма күні Бас прокуратура коллегиясында бас прокурор қол астындағылардан өткен жылғы басты мәселеге жұмыла кірісуді сұрады. Басты мәселе дегеніміз, Жақып Асановтың пайымдауынша, бас прокуратура ішіндегі және қандай да бір қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың тергелуіне қатысы бар күштік шығыршық органдарындағы бюрократиямен күресу болып саналады. Бұл күрестің маңыздылығы сонша, қадағалау органының басшысы бұл істе ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттауға дайын. 

"Сіздерге бір өтінішім бар, бұған дейін үдерістік қызметті оңтайландырумен әр департамент өзі жеке айналысатын, сол себепті топ құрайық, ал сіздер сол топты басқарасыздар, — деп Асанов орынбасарлары Иоганн Меркель мен Ерлік Кененбаевқа қарады. – Ұстаным біреу – қандай да бір жұмыс халыққа, қоғамға, мемлекетке пайдасын тигізбесе, одан құтылу керек. Таңнан кешке дейін отырмыз, мемлекеттік маңызды жұмыспен айналысамыз деп көзбояушылық жасаудың қажеті жоқ. Ертең алдыма қызметкерлер тобын әкелетін болсаңдар, оларға жүйелі жұмыс пен мәселе тауып береміз. Бірақ аудандық бөлімдерді күшейтетін боламыз – және, менің ойымша, біздің кадрлық штаттық санымызды азайтуды ұсынатын болсаңыздар, сіздерге марапат беруге өзім өтініш жазатын боламын", — деп атап өтті ол. 

Жаңалықтар
0