АСТАНА, 26 қаң — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп босқындар мәселесін шешу үшін Сирияда "қауіпсіз аумақтар" құруды көздейді деп жазады РИА Новости.
"Мен Сирияда адамдарға арнап қауіпсіз аумақтар құрамын. Меніңше, Еуропа миллиондаған адамдардың Германия және басқа да елдерге келуіне рұқсат беріп үлкен қателік жасады. Қазір сол елдегі сұмдық жайтты көріп отырмыз. АҚШ-та бұлай болғанын қаламаймын", — деді Трамп АВС телеарнасына берген сұхбатында.
Президент өз жоспарының қыр-сырын ашқан жоқ.