АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. Тергеу Астанадағы №59 орта мектебінің оқушы Темірлан Диханбаевтың сабақ кезінде өліміне сыныптасының кінәсі бар екенін анықтады, деп хабарлады сәрсенбіде ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Өткен жылы 30 қараша күні Астана қаласындағы №59 мектепте қайғылы оқиға болды. Мұғалім жоқ кезде өзара келіспей қалған сегізінші сынып оқушысы өз сыныптасын бірнеше рет ұрып жіберген. Соның салдарынан оқушы есінен танып қалып, көп өтпей қаза тапқан. Сотқа дейінгі тергеу барысында қажетті сот сараптамалары жүргізілді.
"Нәтижесінде Темірұлан Диханбаевтың өліміне оны ұрған оқушының кінәсі бары анықталды. Ауыр қылмыс жасағандар қолданыстағы заңға сәйкес 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Күдікті құқық бұзушылық жасаған кезде 14 жасқа толмаған. Сондықтан оған қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылады", — деп хабарлады полициядан.
Сонымен бірге тергеу барысында мұғалімдер мен медициналық қызметкерлердің кінәсі бар-жоғын анықтау шаралары жүргізілуде, деп түсіндірді Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.