АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. Полиция Астанадағы сегізінші сынып оқушысы өлімі бойынша сараптама қорытындысын алды деп хабарлайды ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
2002 жылы туылған оқушы 30 қараша күні күндіз №59 мектеп кабинетінде өлі күйінде табылған, денесінде зорлық-зомбылықтың анық белгілері болмаған еді.
"Сегізінші сынып оқушысының өлімі бойынша сараптама қорытындысын алдық, қазір шешім қабылдағалы жатырмыз. Балаға қатысты тергеу тоқтатылатын болады, бірақ мұғалімдерге қатысты әлі ойланамыз, тексеру жүргіземіз", — деді Қасымов тілшілерге жалпы отырыстан соң.