АСТАНА, 4 жел — Sputnik. Елордалық №59 мектеп-лицейіндегі 14 жасар оқушының өлімі бойынша сот алды тергеу ісі басталды деп хабарлады Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Алынған мәлімет бойынша, 30 қараша күні 12:19-да "103" нөміріне №59 мектептен қоңырау келіп түскен.
"12:20-да шақырту кардиологиялық бригадаға тапсырылды. 12 минуттан соң жүрек-өкпе реанимациясы басталып кеткенімен, оң нәтижесін бермеді. Баланың белгісіз себептерден көз жұмғаны хабарланды".
Өлім дерегі бойынша полицейлер сот алды тергеу ісін жүргізуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.