Оқиға

Астана мектептерінің бірінде жеткіншек өлі күйінде табылды

© Sputnik / Ирина СемибратоваЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
14 жастағы оқушының қаза болуы туралы ақпарат бейсенбі күні таратылған, алайда ресми ведомстволар ешқандай түсінік бермеді.

АСТАНА, 2 жел — Sputnik. Астана мектептерінің бірінде жеткіншек көз жұмды, деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова Sputnik Қазақстан агенттігіне. 

Оның ақпаратына сәйкес, 2002 жылы туылған сегізінші сынып оқушысы №59 мектепте табылған.

Баланың жансыз денесі 30 қараша күні сағат 13.00 шамасында сыныпта зорлық белгілерісіз табылған.

Өлім дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу аясында қандай да бір басқа түсінік беруден бас тартты. 


Жаңалықтар
0