АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. Жүргізуші бағанаға соқтығысып, ол сол жерде тұрақта тұрған үш көліктің үстіне құлап, оларды зақымдады, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінде.
ЖКО-ның бүгін Момышұлы даңғылы бойында орын алғаны хабарланады. Жеңіл көлік жүргізушісі көлігін басқара алмай қалып, көшені жарықтандыру бағанасына соқтығысты. Салдарынан құлаған бағана тұрақта тұрған үш көлік зақымдалды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, Renault Logan маркалы автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.