Оқиға

ҚТЖ Астана вокзалындағы төтенше жағдайға желді кінәлауда

© Sputnik / Асем МиржекееваАстана вокзалындағы қалқаның құлауы
Астана вокзалындағы қалқаның құлауы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана вокзалындағы қалқаның құлауына қатысты мән жайды теміржол компаниясының өкілі хабарлады

АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. Астана темір жол вокзалындағы металл қалқанының құлауына себеп қатты соққан жел болды, деп мәлім етті "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ (ҚТЖ) вокзалшаруашылығы департаментінің директоры Жұбан Көрекбаев. 

"25 қаңтарда 14 сағат 15 минутта қалың жауған қар мен боранның салдарынан Астана темір жол вокзалы перронындағы бастырма 40 шаршы метр қалқасы құлады. №376 "Астана-Лениногор" пойызының шетін жанап өтті. Зардап шеккендер жоқ", — делінген таратылған хабарламада. 

Оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрылған. Оқиғаның мән жайын Sputnik Қазақстан тілшісі ТЖ орнына біліп қайтты.

"Екпіні секундына 20 метрге жеткен қатты желден перрон қалқасы жартылай құлады, Құлау ауданы шамамен 40 шаршы метрді құрады. Астана-Лениногор жолаушылар пойызының шетін жанап өтті, вагон зардап шеккен жоқ. Жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ", — деді Көрекбаев журналистерге.

Ол құлауға қалқанның үстіне қардың жиналуы себеп болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығарды

Бұл ретте оның сөзіне қарағанда, соңғы рет қар қаңтардың бірінші он күндігінің басында түсірілген.

"Құлауды себебі қар емес, екпінді жел болды", — деп атап өтті ҚТЖ өкілі. 

Жолаушыларды отырғызу мен пойыздарды жөнелту екінші және үшінші жолдардан жүргізіліп жатыр. 

 

Жаңалықтар
0