АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. Астана темір жол вокзалындағы төтенше жағдай орнында құлаған қалқан жинастырылып жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі оқиға орнынан.
Метал қалқаны перронға сәрсенбі күні күндіз құлады. Зардап шеккендер жоқ. Астана-Лениногорск пойызының шетін жанап өтті.
Қазіргі уақытта перронға шығатын есіктер жабық. Пойыз жолдан алынды.
Вокзал күзеті оқиға орнын суретке және бейнеге түсіруге тыйым салды. Ғимарат алдында "жедел жәрдем" көлігі кезекшілік етіп тұр. Вокзалдың ішіндегі дауысты байланыс арқылы қалпына келтіру жұмыстарға байланысты перронға шығатын орталық есіктің жабық екені туралы жариялануда.
Жолаушыларды отырғызу мен пойыздарды жөнелту екінші және үшінші жолдардан жүргізіліп жатыр.