АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. Астана темір жол вокзалы перронындағы бастырма қалқасының құлауы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
"25 қаңтарда 14 сағат 15 минутта қалың жауған қар мен боранның салдарынан Астана темір жол вокзалы перронындағы бастырма 40 шаршы метр қалқасы құлады. №376 "Астана-Лениногор" пойызының шетін жанап өтті. Зардап шеккендер жоқ", — делінген таратылған хабарламада.
Вагон мен электр желісі бүлінбеген. Аталмыш оқиға пойыз қозғалысына әсер еткен жоқ.