АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. Қазақстан елордасының темір жол вокзалы Астана қаласының солтүстік бөлігі Гетте көшесінде орналасқан.
Вокзал ғимараты 60 жыл бұрын салынған. 90-шы жалдардың соңында қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Вокзал кеңес кезіндегі ескі құрылыс пен заманауи стильде жасалған жаңа ғимарат кешенінен тұрады.
Астананың темір жол вокзалынан көрші елдерге алыс жол жүретін пойыздар, сондай-ақ ішкі республикалық қатынастағы пойыздар мен электричкалар кетеді. Жалпы жолаушылар ағыны төрт мыңнан асады. Перрондардан тәулігіне 30-дан астам пойыз жүреді.
Астана темір жол вокзалының инфрақұрылымына күту залы; жүк сақтау камералары; билеттер сату кассалары; валюта айырбастау пункті; күзет бекеті; дәмханалар мен киоскілерден тұрады.