АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. Астанада сәрсенбі, 25 қаңтар күні болжам бойынша пойызға метал шатыры құлады.
Көзімен көргендер түсіріп алған бейне Астана тұрғындары арасында WhatsApp арқылы тарап жатыр.
Бейнеде қардың үстінде шатырдың құлап жатқаны көрініп тұр.
"Қазақстан темір жолы" АҚ ұлттық тасымалдаушысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда, оқиға орнына компания басшылығы барған. Ресми түсініктеме әзірленуде.
Оқиға орнында зардап шеккендер бар ма, жоқ па әзірге белгісіз.